meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  02.09.2022
  152


Автор: Бауыржан Бабажанұлы

КҮЗ - ШЫНДЫҚ

Көктемнен көңіл жібін үзбесе де
Мен осы кереметтей күзге сенем.
Қаншалықты зер салып қарағанмен
Жалғандықты таппайсыз сіз көшеден.
Есек мінген қараша байпаңдайды,
Жүзінен қуанышы байқалмайды.
Күз дегенің — кәрілік,
Ал кәрілік,
Өтірік айта алмайды.
...Кәрілік өтірік айтпауға тиіс!





Пікір жазу