02.09.2022
  137


Автор: Жанат Әскербекқызы

Қалғып тұрған қайыңның...

Қалғып тұрған қайыңның
Қабағынан жел өпті -
Қызғандырып теректі.
Желп етті де жапырақ,
Аңтарылды атырап.
Неменеге елітті,
Ақымақ-ай, ақымақ!
Таңдайы сор татымақ...


Берекесіз, бетсіз жел,
Есер мінез, тексіз жел...
Ес аудырып уайымға
Неге ұрынды қайыңға?!
Қалың сорға малшынып,
Қайың қалды, жел кетті.
Басын шайқап бар шыбық,
Балаң үнін шерлі етті.
Мақтан болды-ау айтарға ел,
Асылғандай айға бір,
Сан сабалап сайқал жел
Сақ-сақ күліп сайда жүр...
Өксіп қалған қайыңның
Өзегіне мұң сіңді,
Терек ауыр күрсінді...





Пікір жазу