meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  02.09.2022
  138


Автор: Жанат Әскербекқызы

Сіз - ғұмырлық шер болдыңыз...

Сіз - ғұмырлық шер болдыңыз,
Күлкі, мұңға тел болдыңыз.
Көз жасымнан көл жасағам -
Қайық болып тербелдіңіз.


Біз бірігіп егілмедік,
Арман кетті шөлімде өліп.
Қапым тауып қадалдыңыз,
Пешенеме шөгір болып.
Мысқылдайды жайнаған көк,
Кімдер серттен таймаған деп.
Сізге тым-тым жақын келем
Мәңгі жатқа айналам деп.
Сынық қанат кептер едім.
Бұйырмады көктен өлім.
Сіз едіңіз жаралаған,
Сондықтан да жек көремін.





Пікір жазу