02.09.2022
  120


Автор: Жанат Әскербекқызы

Сезіміме сүйенішім ендігі...

Сезіміме сүйенішім ендігі –
Сірә, жадтан шығара алман мен мұны,
«Қарғам, сені ұмыта алман» дегенді
Өзің емес, көзің айтты сол күні.
Келмеп еді көздеріңмен жолыққым,
Жолықпауға...тағы...тағы қорықтым.
Ұмытамын деген сайын ұмтылып,
Іздейді екем аласұрып, соны ұқтым.
Өзің емес, көзің айтқан сырды ұғып,
Жүрегімде үнсіз өмір сүрді үміт.
Мұң толқыны арнасына сия алмай
Басылады оқтын-оқтын дүрлігіп.
Мәжнүн талдай жабырқаған сезімді


Жұбатуға шақырам кеп төзімді.
Сен келетін қасқа жолға қадалам
Көру үшін ...өзіңді емес, көзіңді...





Пікір жазу