02.09.2022
  105


Автор: Бауыржан Бабажанұлы

СҮЮ

— Мен елімді сүйем! — деді бір ағам,
— Мен Елбасын сүйем! — деді бір ағам.
Содан кейін бастағандай ұлы істі,
Зор дауыспен дәлелдеуге кірісті.
— Бұл шіркіннің жүзі, сірә, жанбай ма,
Үнсіз, іштей сүюге де болмай ма? —
десем, аға, сіз де басты шайқайсыз:
«Сүю — сүю бола ма екен айқайсыз?».
«Мен де сүйем!».
Елге бұрып бетімді,
Айтпақ болып ниетімді.
Аузымды ашсам... айдаладан жел есіп,
Дауысымды жұтады, ылғи , о, несі?
Қасқыр байлап ұстағандай қорада,
Тілі қанша келгенімен тобаға.
Сән-салтанат былай тұрсын, сүю де
Жараспайтын адамдар да болады, ә?!
Бір ұяттан қызарады батар күн,
Сүйгендердің болмысына жат-ау... мұң.
Мен де сені сүйем, Елім, жаныммен,
Бірақ, бірақ, сақаумын...





Пікір жазу