02.09.2022
  141


Автор: Бауыржан Бабажанұлы

ЖИНАЛЫС

Күлтөбенің басында күнде жиын,
Жиналыссыз қазаққа мүлде қиын...
Әйтеуір, мәжіліске айналады,
Шаруаңның қамын күйттеп кірген үйің.
Ал енді сөз берілді, сайра, құсым,
Апыр-ай, мына ағамның қайрағышын.
Ана дос өткір екен, сөзін бөліп,
Төраға оның бағын байлады шын.
Біздің ой — жұртта қалған көне тонды ой,
(Ендеше, үнсіздікті жөн етем де).
Ақылды ағалар бар, олар айтса
Парақор, жемқор деген көп екен ғой...
Ықтырар тістеген мен күштегенді,
Ай, бізде бар екен ғой, күшті... өнерлі.
Дүние түгел өзгеріп салары хақ,
Тек қана мына жиын бітсе болды.
Жаның тоңып, жаураса — пана, мекен...
Мынау бір кеңес болды алабөтен.
...Терезеге қарап ем, ар жағында
Күннің көзін бұлт басып барады екен...





Пікір жазу