02.09.2022
128
КҮБІРТКІ
Ащы мысқыл батқаны-ай, шымбайыма,
Дегенмен, Ақыл, сені тыңдайын, ал:
(Бас жарылса бөркім бар... кім көреді?!)
Ағамның жығылайын ыңғайына.
Келмейді, Жүрек, сені сескендіргім...
Бояуына алданып көшкен күннің.
Досым да өзгергендей...
Бірақ оны
Кеше алмасам несіне дос боп жүрмін?!
Бұл қорлыққа бара ма етім де өліп,
Дүниенің жүрсем де к...н көріп.
Мен біртүрлі бәріне көне берем,
Қазақстандағы қазақ секілденіп.
Намыс пен Ар осылай жоғала ма...
Айқай салсам:
Кет, досым.
Жолама, аға!
...Қазақстандағы қазақ секілденіп,
Мен бір күні жарылсам не болады, а?.