02.09.2022
94
Тозаң тұрды желегіне...
Тозаң тұрды желегіне
Гүл семуге шақ қалды.
Үрлей бердім мен егіле,
Есіме алып ақпанды.
Гүлдей нәзік жүрегім-ау,
Тозаңыңды кім үрлер?!
Үнсіз ғана тіле мынау
Толастасын күбірлер...
Күбір-күбір жел тұрады,
Күрсінемін амалсыз.
Елу дейді ел құлағы,
Енді білген боларсыз.
Ел не дейді, жел не дейді,
Желіккенім не еткенім.
Қырау-көңіл сенбегей-ді,
Келмесіне көктемім.
Ел толастар, жел толастар,
Сынық көңіл-қалпында.
Армандарым жанталасты, ал,
Ақылды алып алқымға.