02.09.2022
  118


Автор: Жанат Әскербекқызы

Шатыр да шұтыр төбемнен...

Шатыр да шұтыр төбемнен,
Айғайлап бұлттар көшкенде.
Жан кетіп әлсіз денемнен,
Қалмайтын еді ес менде.
“Сескенбе, балам, сескенбе
Сағынған осы көктемің
Кең дала мезгіл көшкенде
Үн-түнсіз қалар деп пе едің”
Дейтін-ді, анам дем беріп,
Балғындау сол бір кезімде.
Ал, енді бүгін мен келіп,
Бой ұрып жүрмін сезімге.
Жанымның келдің көгіне,
Көктемде көшкен бұлттай.
Тартады адам тегіне –
Қалмадым мен де сыр ұқпай.
Табиғат едің өзің де
Табына сүйген даласын,
Қайтейін, қимас кезімде,
Көктемнен ауып барасың.
...Шатыр да шұтыр төбемнен,


Айғайды салып көшті бұлт.
Жаныма тамшы себер ме ең,
Жаңбыр боп келіп кешкілік.



1986 жыл, Алматы





Пікір жазу