02.09.2022
  118


Автор: Жанат Әскербекқызы

Елік сезім

Күрсінесің қымбаттым неліктен сен,
Өмір осы, бақытқа сеніп келсең.
Сен мені кінәлама, мен деп ойла,
Жапан түзден жаралы елік көрсең.
Елік-сезім елеңдеп еркелеген,
Жарақат ап қалыпты-ау ертеменен.
Жасты көзбен әлемге қарап тұрды,
... От кеудемді барады өртеп өлең.


Тентек елік оятып сезіміңді,
Үйретіпті сезімді сезінуді.
Әттең, не керек, от басыпты,
От басыпты, серік қып өзі мұңды.
Сезім болып ойнаған жаралы елік,
Жарасымен сағымға барады еніп.
Аянышты-ау тағдыры жаралының,
Қай белесте қансырап, қалады өліп.



1984 жыл, Алматы





Пікір жазу