meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  02.09.2022
  105


Автор: Жанат Әскербекқызы

Жақындай алмай...

Жақындай алмай
дымым құрыды.
Беймәлім күй...
Қаншалық екен мұның ғұмыры.
Қарай алмадым көзімді тіктеп.
Ғалам тым-тырыс,
Ай ғана менің сөзімді күтпек.
Жанары неткен тұп-тұнық еді,
Бір сырды
Үнсіз тұрып-ақ ұқтырып еді.
... Осының бәрі шын болатын,
Батпай тұрғаным –
Сіз кейпіндегі түн болатын...





Пікір жазу