meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  02.09.2022
  138


Автор: Жанат Әскербекқызы

Тереземді кім қақты...

Тереземді кім қақты?
Жұқа перде дір қақты.
Түн көйлекті сұлбамыз
Бір тұрды да бір жатты.
Сіз бе десем, жел екен,
Жел маған не дер екен.
Сіздің жолды күтетін
Сезімге ергіш мен екем.
Қамкөңілді пендеге
Қалжыңдайды жел неге?
...Түн көңілсіз, жүзі – пәс,
Қуанышқа кенде ме?
Сізді – тұнжыр түн дедім,
Түнмен кө-өп, көп біргемін.
Қаламадым бірақ та
Бар сырымды білгенін.
Тұмшалап сыр-құндақты,
Ұйқыға бой шым батты.
...Тәтті түстің тұсында
Тереземді түн қақты.





Пікір жазу