02.09.2022
  127


Автор: Жанат Әскербекқызы

Ай сұп-суық...

Ай сұп-суық.
Үнсіз.
Суықтықта сенделіп жүрсіз.
Суық леппен шарпып,
Жүрегімді мұздатқан
Кімсіз?
Тереземнің алдында тұрсыз.
Сізді білмеймін,
Аспан мұңсыз.
Үңіліп едім –
жоқсыз,
Ай қарап тұрды...
Нұрсыз.





Пікір жазу