02.09.2022
124
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed.png)
Қараңғы түнге қамалып...
Қараңғы түнге қамалып,
Кімді іздеп жүрсіз... мені ме?
Көмескі Ай көкте ағарып,
Қарайды-ау Сізге егіле.
Қайрылмай түнгі даусыма
Күтумен жүрсіз кімді Сіз,
Қараңғылықты қаусыра
Жарыққа зар боп жүрмісіз?
Түн кезіп кетіп барасыз,
Жап-жарық жүрген ізіңіз.
Шарасыз дағы наласыз
Сіз бізден күдер үзіңіз...
Қапыда қалған кезім көп
Болсаңыз мені іздеген.
...Дауысым бар да, өзім жоқ,
Қауыша алмаймын Сізбенен.