02.09.2022
120
Бұл түн – Сенен де...
Бұл түн –
Сенен де,
Менен де қалады,
Бар болғаны – нәп-нәзік өлеңде қалады.
Бұл түн –
Сезіммен құндақталады,
Бойында шешілмеген жұмбақ қалады.
Бұл түн –
Мөлдіреп тұнып тұрады,
Бауырына басып бұлқынған тұнық тұманы.
Бұл түн –
Менімен бірге жүреді,
Сені іздеуменен жабырқап, күнде егіледі.
(Тымық түнім тұп-тұнық сезімі бар,
Сағыныш бар, сыры бар өзің ұғар.
Бұлдыр-бұлдыр сәттерге бодан қылмай,
Бұлықсыған кезінде кезігіп ал...)
1-шілде,2004, Астана.