02.09.2022
111
Тереземнен қарайды қайың жүдеп...
Тереземнен қарайды қайың жүдеп,
Жапырағымнан бұл мезгіл айырды деп.
Білмейсің-ау, телміріп терезеге
Қайыңдай боп жүдеген жайымды кеп...
Сергелдең күй кешуде сезім налып,
Көздеріңнен қашушы ем көзімді алып.
Өртенеді жүрегім, өрт ішінде
Өзегінің дерті бар өзің қалып.