file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  01.09.2022
  113


Автор: Жанат Әскербекқызы

Мамырдың күні құбылды...

Мамырдың күні құбылды,
Аспанның жүзін мұң шалып.
Айтайын деп ем сырымды
Алыста ма едің мұншалық?!
Мамырдың бұлты мамырлап,
Маңдайымнан кеп өпкендей.
Барады балдай шағым қап,
Жақсы да көрмей, жек көрмей.
Қарайды көктен мамыр-күн,
Көзіне тамшы іркіліп.
…Жалынан ұстап сағымның
Мен жүрмін саған ұмтылып.





Пікір жазу