meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  01.09.2022
  142


Автор: Жанат Әскербекқызы

Аманат-жанды арқалап...

Аманат-жанды арқалап,


Жер басып жүрген мен Кіммін?
Жап-жасыл шөпте шалқалап,
Көкпеңбек көкке телмірдім.
Жанымды жұмбақ көк алар,
Тылсымға сөйтіп сіңермін.
Болмысым бір күн жоғалар –
Ғайыпта өмір сүрермін.
Сүтпенен сіңген сенім бұл,
Сүйекпен кетер, ол анық.
Шуағыңды Аспан, төгілдір,
Жүрейік соған оранып...





Пікір жазу