01.09.2022
  214


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ҚАРА ЖЕР

(Сағат Əшiмбаевқа)
У-шу қала.
Төбеде күн тұр күлiп,
Мен келемiн жүрегiмдi жыр буып.
Асфальт жол жатыр алда шыңылтыр,
Жатыр алда көкiрегiн нұр жуып.
Көздi арбап жарқылдайды ол айнаша,
Мен келемiн ойларыммен арбаса:
Асфальт жақсы-ау,
Құрып кеткiр табанның
Қара жерге iңкəрлiгi болмаса!





Пікір жазу