01.09.2022
327
КҮЗ КЕЛДI
Астанаға күз келiптi-ау тағы да,
Бiр кездегi көрiк, сəулет бақшада аз.
Дəурен сүрген бұтағынан – тағынан,
Құлап жатыр жапырақ боп Патша – Жаз.
Жапырақ пен жаңбыр жерге бас ұрып,
Шытырлаған шығарады саз бөтен.
Қимастықпен Алатауға асылып,
Жылап тұрған бұлттар емес, жаз ба екен?