31.08.2022
  123


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ҚЫЗЫЛ IҢIР. ҚЫЗҒАЛДАҚ

Қызыл iңiр. Қызғылт қыр.
Қыжым аспан. Қызыл жел.
Қызыл көйлек қыз бала,
Қызылбауыр бұлттарға,
Қыр басында қызынып,
Қолын бұлғап қарап тұр.
Қызыл iңiр. Қызғылт қыр,
Қыжым аспан. Қызыл жел.
Жел өтiнде желбiреп,
Қырда тұрған қыз бала
Жердiң – Көкке ұсынған
Қызғалдағы секiлдi!..





Пікір жазу