31.08.2022
184

ӘНГЕ ОДА
Өмiр өзi өлтiргенде
Бойыңдағы пәк сезiмдi,
Тамырынан тiрiлтетiн
Ән, ән ғана, ән ғана!
Өмiр өзi ылайласа
Бойыңдағы бұлағыңды,
Бастауынан тұндыратын
Ән, ән ғана, ән ғана!
Мен ұшқанда, сен ұшқанда,
Ол да ұшқанда бұл ұядан,
Соңымыздан жаңғырығар
Бiз айтқан ән, ән ғана!