31.08.2022
  71


Автор: Ұлықбек Есдәулет

АМАЗОНКАНЫҢ әНI

Сен жеңдiң,
Тiзе бүктiм,
Жеңiлдiм мен.
Патша едiм, құлға айналды тегiм бiрден.
Жөнiңмен жүрер болдым сенiң жүрген
Еркiмдi қай сиқырың емiндiрген?
Найзасы кiрпiгiңнiң дiр етпедi,
Ұштығын суырмадың жүректегi.
Емдедi ерiнiңнiң бiр өпкенi,
Қолдастық – арамыздан қыл өтпедi.
Мерейiң асып менен,
Болып үстем,
Сен жеңдiң.
Бағындырдың менi күшпен.
Бал екен у дегенiм менiң iшкен,
Бақытты болғандаймын жеңiлiстен.
Беймаза жүрек тiлеп бүлiк кейде,
Жарыл деп жанартаудай үгiттей ме?
Болғанша басыбайлы ұлық пенде,
Не жетсiн еркiндiкке iлiккенге?!





Пікір жазу