31.08.2022
118

ҚЫЗ ҚУУ
Махаббат,
сен асықпа,
сәл аялда,
барар жерiң қашық па?
Үзiлген гүл ғұмырындай мұрсат бер,
өлiп-өшкен ғашыққа.
Сағынышымды сарғайған
ақтарайын,
қыл суырып сары майдан.
Ақырзаман өтiп кеттi мен үшiн,
қарсы алдымда қан майдан...
Тағдырменен ерегес –
қан майданнан кем емес,
күйiп-жанып күлге айналған көңiлiм,
тұтанды екен неге кеш?
Аламанға тап келiп,
атым болды ақ көбiк...
Анау қыздың қанжығасына байлашы сен,
махаббат,
менiң мынау жүрегiмдi қақ бөлiп!..