31.08.2022
  88


Автор: Ұлықбек Есдәулет

БЕЙСЕНГҮЛГЕ

Өзiңсiз өмiр мәнсiз екенiн,
Өзiңсiз жүрек жансыз екенiн
Түсiндiм.
Түсiндiм, жаным, әлсiз екенмiн
өзiңсiз.
Бәдәуиiндей Мысырдың
Безiп жүргенде,
Кезiп жүргенде әлемдi,
Сүзiп жүргенде бар елдi
Iздеген бақыт құсымның,
Өзiң екенiн түсiндiм.





Пікір жазу