31.08.2022
  79


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ЕМДЕШI МЕНI, ЕРКЕ ҚЫЗ

Адамдар тайған серттерден
өзектi буып өт төнген,
кектi сөз,
оқты көздерден
жүрегiм дал-дал, дерттенген;
толқыны тулап, басылды,
өрекпiп баққан өр теңiз,
сүйеген менiң басымды.
сездiң бе соны, ерке қыз,
дауылдың көрiп әлегiн,
долданып барып ойландым,
ақша бұлт тектес жан едiм,
қап-қара бұлтқа айналдым.
Менiң де жаным жамаулы,
келдiң бе соны емдеуге,
соғары бар деп санаулы
келдiң бе әлде жерлеуге?
Емдеуге келсең – еңкейем,
өзектен өшiр у дағын.
жартыкеш жан ем,
селкеу ем,
жегi сезiмдi қу, жаным.
Еркiмдi менiң кел, биле,
көрбiлте көңiл қунасын,
ақсамал болып әлдиле,
қарайған қаным туласын.
Емдешi нұр боп таралып,
Шуақсыз жүрек шаршайды,
Қабағы қату қара бұлт,
Ақша бұлт шағын аңсайды.





Пікір жазу