31.08.2022
  100


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Жырақта ирек салып от қамшылар

Жырақта ирек салып от қамшылар,
сызады түннiң бетiн ақ тамшылар,
бiз ертең кездесетiн жұпар гүлзар
жауыннан малмандай боп жатқан шығар?
«Сүйем» деп ернiң айтып тұрса дағы,
көңiлдi соқыр тұман тұмшалады,
сезiмге сана би боп алғаннан соң,
жүрегiм сағат құсап құр соғады.
Нелiктен билiк бердi Басқа –
Жүрек?
Ақылдың жүре берсе шашбауы боп –
ақын да
асыранды аққу да бiр,
сағынса самғап алар аспаны жоқ...





Пікір жазу