31.08.2022
79
Сен менi iңкәр еттiң...
Сен менi iңкәр еттiң,
ақ қанат гәккуiмдей,
мендегi сұңқар екпiн,
тынар ма аққу iлмей?
Күй толы iшектердей
көгiлдiр көкжиектен,
сусылдап құс өткендей,
тұсыңнан мен жиi өткем.
Көлiңнiң толқындарын,
көк дауыл шайқағанда,
сен менi, бәлкiм, жаным,
боларсың байқаған да.
Уiлдеп үпiлмәлiк,
Әнiңе ән қосқанда,
жүрегiң лүпiл қағып,
самғарсың сен де аспанға.
Алқынып қусам – қашып,
келе алмай жарасымға,
жүрер ек душарласып,
ақ бұлттың арасында.
Мен шырқар зеңгiрлерге
бiр шықсаң – қайтпас едiң,
төркiнiң – мөлдiр көлге
сәлем де айтпас едiң!