31.08.2022
109
САРҚЫРАМА
Сарқырап аққан сарқырамадай бұл сезiм,
қалмақшы тiптi сарқыла қалай,
бiлшi өзiң?
Арқырап келiп аққанда,
арандай терең шатқалға,
қаныңа қаным құйылды деп бiл,
тәнiңе тәнiм бұйырды деп бiл,
көбiгiн шашып көкiрегiң шулап жатқанда.
Астаң да кестең ақтүтек судың бораны,
азан да қазан арнаңа сенiң соғады,
аймалай соны қарсы алып,
ақберен денең ән салып,
ләззаттан қаның құтырған сайын,
қайғыдан жаның құтылған сайын,
құмарың қанбай жұтынған сайын
мен сенi, сәулем, сүйе түсемiн соншалық.