31.08.2022
97

Алтыннан аттап жолдағы
Алтыннан аттап жолдағы,
болғанмын талай перiште,
бiр кiсi құсап мен дағы,
пенделiк қылсам терiс пе?
Күнәмдi жiпке тiзгенде,
таспихтың тасы жетер ме?
Буыршын бұйда үзген бе,
бекерден тiптi бекерге?
Жанымды кейде жейдi шын,
дуылдап өткен думан кез,
бұлтарта қояр деймiсiң,
аспаннан қарап тұрған көз.
Шыбын жан ұшып бодауға,
қаққанда көктiң қақпасын,
күнәмдi менiң санауға
құдайым уақыт таппасын!