31.08.2022
  127


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ӨРТ

Өршiген өрттi сөндiрем деген,
қарлығаш құстың ниетiн,
көңiлде көлiм мөлдiреуменен,
жан едiм жастан сүйетiн.
Көрдiм де сенi, қарындас, түстiм,
өршiген өшпес бiр отқа,
ешбiрi маған қарлығаш құстың
сеппедi су кеп, бiрақ та.
Беретiн емес көкiрегiм бой,
өртендiм, жандым, өзгердiм,
сен жоқта, жаным, соқыр едiм ғой,
бекер-ақ маған көз бердiң.





Пікір жазу