meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  31.08.2022
  128


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Көкте жұлдыз жымыңдасып

Көкте жұлдыз жымыңдасып,
көзiн ашса,
жас ақын
сүйгенiмен сыбырласып,
сезiм сырын ашатын.
Кеуде тосып түнгi ызғарға
жүрек кенiн қазатын,
қарай-қарай жұлдыздарға
ғазалдарын жазатын.
Малынса да сақал аққа,
түсiнбеймiн ал, бүгiн:
жұлдыздардың махаббатқа
не қатысы барлығын?..





Пікір жазу