31.08.2022
  79


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Ақынды түсiнерсiңдер...

Ақынды түсiнерсiңдер,
Гүл теру үшiн
Айға ұшса...
Қияли кiсi дерсiңдер,
Қалықтап жүрген байғұсқа.
Тұрса да ол заманақырда,
Жұлдызбен жаны тiлдесер,
Болғанша бодан ақылға,
Ақын боп азат күн кешер.
Қарсы сап желдiң өтiне
Құтыртып жүрген қандай күш?
Қонар ма жердiң бетiне
Қанаты сынбай ондай құс?!





Пікір жазу