31.08.2022
131
![](/uploads/shorttexts/author_image/esd-ulet[3].jpg)
АРҚА ҚЫСЫ
Самаржақ жел зарлауық,
қымтатқызып тұс-тұсты,
бiр-ақ түнде қар жауып,
бiр-ақ күнде қыс түстi.
Ақ сәукеле киiнiп,
аппақ үкi тақты бау,
ақ қайың тұр бұйығып,
алқымында ақ қырау.
Сынатұғын түрi жоқ,
сүйреп келген қылышы,
қасат қары сүрi боп,
қыстың мынау тұрысы.
Шана теуiп бала мәз,
оң мен солың омбы қар.
Сүлiк ерiн сары аяз,
сүйген жерi домбығар.
Жүрегiмдi у жедi,
жан түбiнде жатыр мұң.
Мынау әлем – музейi
менiң махаббатымның