31.08.2022
  95


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Даланың дымқыл тұманы

Даланың дымқыл тұманы
Сипайды баяу бетiмнен.
Жартыкеш көңiл тынады
Қанттай болып кетiлген.
Сидиып қалған сұр бұтақ
Жел соқса көктi көсемек.
Жыртық бұлт аспан тұр жұтап,
Ошағы сөнген не себеп?
Көңiл де көкке ұмтылмас,
Қанаты су боп қалған ба?
Барады-ау өтiп шiркiн жас,
Қол жетпей талай арманға.
Қоштасу деген оңай ма,
Жауапсыз қалды-ау жалқы «хош...»
Алайда, жаным, қалайда,
Өзiңсiз жаным – жартыкеш..





Пікір жазу