31.08.2022
  106


Автор: Ұлықбек Есдәулет

АЙШУАҚ ПЕН КҮНШУАҚ

Есiме түсе бересiң неге?
Жанымды жиi сыздатып?
Жүректе жүзген елесiң – кеме,
Желкендерiне мұз қатып.
Арқырап келген ақшулан толқын
Жарқырап қайтса бастығып,
Қара жартастай қасқиған қалпым,
Жолыңа қалам бас тiгiп!
Төбемнен күнде ауысқанымен
Айшуақ пенен Күншуақ,
Сәулелi, нұрлы дауыстарымен
Жанымды өтер шымшылап.
Айқайлап Ай да, күркiреп Күн де:
– Сүйемiсiң? – деп сұрайды.
Тiрiмiн ғой мен!
Сiркiреп кiмге,
Бейуақта бұлттар жылайды?
Сүйем бе, жоқ па – байқар едiңдер,
Жас жуған жартас түрiмнен.
– Ғашықпын! – деп-ақ айтар едiм мен
Айырылып қалғам тiлiмнен...





Пікір жазу