31.08.2022
97
САҒЫНЫШ
Сағынамын. Жабығамын. Бағынамын жүрекке.
Не қыламын? Бәрi мәлiм: сезiм осы – дiр етпе!
Сүйiп қалдым. Тұйықталдым. Ұйып-қандым сырына.
Биiк таудың шығып та алдым барса келмес шыңына.
Құстар ғана құштарлана ұшты айнала төбемнен,
Ұстамды аға, тұспалдама, – өз сорымнан көрем мен!
Қарлы асқарға, нар бастауға, бармас тауға шығыппын.
Алжасқанда қалмас қайда алтын басы жiгiттiң?!