31.08.2022
  80


Автор: Ұлықбек Есдәулет

АУЫЛЫҢА БАРҒАНДА

Талаураған таңдарға
Тамсанатын шағымда,
Риза боп жалғанға
Ән салатын шағымда.
Ал күреңмен лекiтiп,
Ауылың жаққа аттандым.
Буынымды бекiтiп,
Жалғыз бардым, салт бардым.
Екi кештiң арасы,
Апақ-сапақ iңiрде.
Кендiрлiктiң жағасы
Елең еттi дүбiрге.
Шықты алдымнан абалап,
Ауылыңның иттерi.
Астымдағы жарау ат.
Үдiрейiп үрiккенi.
«Әбес пе бұл келiсiм?»
Дедiм iштей iркiле...
Ауылыңның мен үшiн
Аяулы екен... итi де!





Пікір жазу