31.08.2022
159
![](/uploads/shorttexts/author_image/esd-ulet[3].jpg)
СЫНҒАН ӘЙНЕК
Қысқы түнде қандай қызық қар кешкен.
Айсыз аспан. Көшелерде шам да өшкен.
Жалғыз өзiм жарым түндi жаңғыртып,
Айғайладым аумай қалып «жарыместен».
Жалғыз өзiм, атыңды атап дауыстап,
Терезеңе қар лақтырдым уыстап.
Айсыз, күнсiз, жұлдызсыз-ақ қысқы ауыл,
Жап-жарық боп жатты сонда тыныстап.
Мызғып жатқан тыныш тiрлiк, түн iшi.
Сыңғыр еттi терезеңнiң шынысы.
Аяз сорып, қырау қысқан әйнектiң,
Аңдаусызда сынып түстi бұрышы.
Күн жаумай-ақ су болды ғой көйлегiм,
Құдай сүйер қылығым бар қай менiң?!
Аңдаусызда алған екем сындырып,
Көңiлiңнiң мөлдiреген әйнегiн...