31.08.2022
137
Сенi ойласам қуанамын нелiктен
Сенi ойласам қуанамын нелiктен,
Тазаланып кiрбiң, мұңнан, желiктен?
Неткен тәттi, неткен мөлдiр шаттық бұл
Жан-жүйемдi елжiреткен, ерiткен?
Неге ғана жымиямын сенi ойлап,
Жүрегiмде лүпiл-лүпiл қан ойнап?
Жанарымның аясында тұрсың ғой
Кiрпiгiмдi қағайыншы абайлап.