31.08.2022
  87


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Аспанға, Ақын, телмiрме...

Аспанға, Ақын, телмiрме,
Тұңғиық түнде үмiтпен.
Ол жұлдыз сөнген бұл күнде,
Iздеме оны, ұмыт сен.
Жүректi нұрмен баулыған
Жауқар көз қайта қадалмас.
Көз жетпес түнек қойнына
Жерленген шуақ оралмас.
Қалдырмай ешбiр зеңгiрде iз,
Түнектiң болды ол құрбаны.
Көгiңнен өшкен сол жұлдыз
Көңiлiңнен өшпей жүр ме әлi?
Жұлдыз ба – жұлдыз сөнгесiн,
Тылсымға сiңдi-ау хабарсыз.
Көңiлiңде қалған сәулесiн
Сен де өшiр ендi амалсыз...





Пікір жазу