31.08.2022
78
Жоқтан өзгеге жасып қаласың
Жоқтан өзгеге жасып қаласың,
Өмiрге қайтiп ғашық боласың?
Өлiмнен қорыққан – өлең жазбайды,
Жылты жоқ неткен жасық баласың?
Жылты жоқ неткен жасық баласың,
Тiрлiктiң бiлмес ашық бағасын.
Жалғанның жүгi желкеңе түсер,
Жаныңнан жiгер қашықтағасын.
Жаныңнан жiгер қашықтамасын,
Иiлмей өтсiн пасыққа басың.
Ақынның басы Аллаңа доп па?
Алла да көзiн ашып қарасын!