31.08.2022
  62


Автор: Жанат Әскербекқызы

Көмейлеріне ән орай...

Көмейлеріне ән орай,
Қанаттарына іліп көктемді,
Көгілдір көлді жағалай


Сары ала қаздар кеп қонды.
Жадырай күліп күллі әлем,
Жамырар қырдың тірлігі.
Жүгіріп сансыз жылғамен,
Жаңғырар судың сыңғыры.
Бүр жарған шыбық көңілді -
Жарыққа қарар іңкәр боп,
У-шуға бөлеп өңірді
Құстар да тынбай шырқар көп.
Жып-жылы шуақ төгіліп,
Жұп-жұмсақ самал еседі.
Ағыл да тегіл егіліп,
Ағады көк мұз кешегі...





Пікір жазу