31.08.2022
  90


Автор: Жанат Әскербекқызы

Боз сәулеге шолпытып сезімімді...

Боз сәулеге шолпытып сезімімді,
Сүйесін ғып жаныма төзімімді,
Бояуына мұң-түннің қандырып ем,
Тұңғиыққа тартылып, көз ілінді.
Жаңғыртумен санамда шат күнімді,
Таңдайыма татырдым тәтті мұңды.
Аласұрды жүрегім сезім шарпып,
Түн ақыры тежеді аптығымды.
Сүттей нұрға төніп тұр сабырлы түн,
Баяу соқты жүрегім...жарым...бүтін,
Бозғылт нұрға айналып кетсем бе екен,
Ұғар дейсің жаралы жанымжы кім...
Қонақтайын нұр болып, шыңға барып,
Тылсымы көп кеудесін мұңға малып.
Бір түнейін сыр тұнған тұлғасына,
Айығайын, айтарын тыңдап алып.





Пікір жазу