31.08.2022
132
Бөтен қала... көзге суық...
Бөтен қала... көзге суық,
Бойым мұздар, сөзге суып.
Еңіредім екен несін
ерлігі кем езге сынып.
Көзден ұшып көрікті арман,
Ой-шырағым сөніп қалған.
Тірілді екен сенім несін
Әлдеқашан өліп қалған...