31.08.2022
  90


Автор: Ұлықбек Есдәулет

КөҢIЛIМ МЕНIҢ МАЗАСЫЗ

Көңiлiм менiң мазасыз
Теңiздiң тулағанындай,
Орманның шулағанындай,
Борандар, тасқын, нөсерлер
Дәл менiң тумаларымдай.
Шыңырауыма бойламай
Кейбiреу менi тайыз дер.
Ғарыштан қашқан найзағай
Кеудемнен келiп сая iздер!
Көңiлiм менiң мазасыз,
Өрекпiп, өршiп түлейдi,
Жеңедi күдiк үрейдi.
Толқынды соққан толқынға
Көрiп пе ең дауыл-дүлейдi?
Көңiлiм солай ұйтқыған
Әкелiп бұлтты бұлтқа ұрам.
Қалқада туып, ықта өссе,
Түсiнсiн қайдан жұрт бұған?!





Пікір жазу