31.08.2022
  125


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ДАЛА

Дала деген кеңiстiк қой өр-сайлы,
Уақыт мұнда қозғалыстан шаршайды.
Көз байлана киiз үйге кiрiп бiр,
Көз шырымын алдыруды аңсайды.
Уақыт бiзден, әсте, мұрсат сұрап па?
Кiрсiн, қонсын!..
Киiз үй көп қыратта.
«Уақыт байғұс сәл тынығып алсын» деп,
Малшы алаңдап ұйықтамайды бiрақ та.





Пікір жазу