31.08.2022
  72


Автор: Жанат Әскербекқызы

Көктүркінің ұланы неге болмадым...

Көк бөріге сыйынып, көкке қарап қол жайдым,
Көкірегімде күй үлып, заман зарын толгаймын...



Көктүркінің ұланы неге болмадым,
Бөрілі туды көтеріп,
Бөрідей жауға тиетін
шығыршығы торғай көз сауыт киетін.
Көк бөрі болып ұраным,
Көк көлді көктей өтер ем
Асау көк болып пырағым,
Балқан-тауға да жетер ем,
Төсегінен түңілген
Адам жүрер жерлерге
Көк байрақ тігіп кетер ем...
Көктүркінің аруы болып тумадым,
Ұмай-анаға сыйынып,
Ерлерге сәлем қылар ем
Басымды жерге жеткізе иіліп,
Қажет те болса
Қолыма садақ алмас па ем,
Жауатын бұлттай түйіліп.
Көк байрақ қылып көтерер едім арымды,
"Көк бөрі тегім, қолда" деп,
Қамалмас едім
Қайраттан ада сорға көп,
... Көк түсті дәуір сағым боп кеткен, қайтейін,
Күңіреніп тұрмын
Көк бөрілердің қаңқасы қалған орға кеп.
Күңіреніп атар Шығыстан,
Көкбөрідейін таң ұлып,
Киесі болып ұғысқан
Адамнан көрді-ау қатігездікпен тағылық...
Көңілім қалды...
Көне ғасырға аттанам,
Көгілдір шәйі жамылып...





Пікір жазу