31.08.2022
  91


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ДОСТАРЫМ

Сендердiң орталарыңда
Жайраңдап жүрем,
Жайраңдап.
Сендердiң арқаларыңда
Өмiрiм кiлең сайран бақ.
Жабырқап
Жалғыз қалғанда,
Қол үзiп кейде сендерден,
Сарнап бiр байғыз орманда
Өзiмдi соған теңгергем.
Сонау жыл балғын көрiнген
Сезiмдер бүгiн сiрiдей:
Айырылып қалдым көбiңнен
Өлiдей... және...
Тiрiдей...
Сергелдең болған
Серiлiк
Сиредi – айтсақ жасырмай,
Селменен кеттi-ау сейiлiп
Сабаздар сайдың тасындай.
Достарым –
Тағдырластарым,
Сендерсiз бақыт құрсын да.
Жиылып сайдың тастары,
Айналар ма едiк бiр шыңға!





Пікір жазу