31.08.2022
  86


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ҚАЖЕТI ЖОҚ

Қажетi жоқ!
Ашымасын жандарың!
Мейлi менi алдап кетсiн арманым,
Мейлi менiң өртке кiрсiн орманым,
Тұман басып, тұлан тұтсын таңдарым,
Сағым сынып, аласарсын заңғарым,
Аямаңдар!
Ашымасын жандарың!
Тағдырына тәнтi болмай қарғаның,
Қырандардың қиян жолын таңдадым.
Тартсам тағы қателiктiң зардабын,
Түкпiрiмде тұншықса да арманым,
Аямаңдар!
Ашымасын жандарың!
Жүре бермей жайбарақат – арқайын,
Өз жүгiмдi өз жотама артайын,
Қорқар болсам, өз арымнан қорқайын
Тартар болсам өз сорымнан тартайын,
Аямаңдар!
Ашымасын жандарың!
Тәуекелден таланымды табайын,
Құнжыңдамай, қанатымды қағайын.
Қуарғанша,
Қурағанша самайым,
Тағдырыммен тайталасып бағайын,
Қажетi жоқ! Ашымасын жандарың!





Пікір жазу